Гуманистік психология: Гуманистік психология. Маслоу концепциясы (Реферат)

Гуманистік психология. Маслоу концепциясы (Реферат)

Психологиядағы ірі бағыттардың бірі – гуманистік психология. Ол бихевиоризмге және психоталдау теорияларына қарсы бағытталған. Гуманистік психологияның негізін салушылардың басты мақсаты адам мәселесін түсіндіруде бихевиоризм мен фрейдизмнің кемшіліктерін түзеу және бірден-бір дұрыс, өмірлік психологияны таңдау болып табылады. Гуманистік бағыттың белгілі өкілдерінің бірі Абрахим Маслоу болды. А.Маслоу адам іс-әрекетінің, мінез-құлқыңың қайнар көзі адамның үздіксіз өзін-өзі тануға, өзін-өзі анықтауға ұмтылуы деп түсіндірді, өзін-өзі айқындауға қажеттілік әртүрлі қызметті қамтиды: бұл гуманистік қажеттілік, демек адамға жақсылық істеуге ұмтылу. XX ғ. екінші жартысында психологияға бірден-бір күшті әсер еткен ғылыми-техникалық революция. Қазір психологияда жан-жақты математикалық, ақпарат теориясының әдістері колданыла бастады, сонымен катар электрондық есептеу техникасы, компьютерлендіру жүйесі кең өріс алды. Психология биология және медицина салаларынан соңғы жаңалықтарды белсенді қабылдап отырды.

Қазір психологияның тәжірибеге бағытталған салалары алдыңғы шепке шыга бастады. Психолог ғалымдармен бірге тәжірибелік психологтар пайда болды. Олар білім беру, өндіріс пен мекемелер, әскер мен медицина салаларында жұмыс істейді. Онда өздерінің психологиялық қызметін көрсетуде. 

Гуманистік психология өкілдері — А.Маслоу мен К.Роджерс оқытуды ұйымдастырудағы басты принцип «дамытушы көмек» көрсету деп көрсетті. Бұл принциптің мәні мұғалім оқушыға не істеу керек екендігін көрсетіп, проблеманы ол үшін шешпей, оның белсенділігін және ішкі күштерін ояту қажет, өзі таңдау жасап, шешім қабылдап, жауап бере білуге үйрету қажет деп есептейді. К.Роджерс: «Дәстүрлі мектепте өктемшіл, еріксіз оқыту (когнитивтік оқыту типі) жүреді, мұнда оқу үдерісінде білімдерді мұғалім таңдаған бағдарламамен меңгеру ғана жүреді. Ал оқыту типі «тәжірибелік оқу» болу керек. Бұл оқу типі бойынша окушылар ерікті, өз бетінше іс-әрекетте, өзінің тәжірибесінде, пікірталас пен шешім қабылдау барысында оқып білім алуы қажет», — дейді [1].

 Тұлғалық дамыта білім беру идеясы 80-жылдарда ынтымақтастық педагогикасында жүзеге асырылды. Ынтымақтастық педагогикасын жаңашылдар педагогикалық үдерісте үйлесімді дамудың қажетті шарты ретінде оған қатысушылардың ізгілікті өзара қатынасын орнату деп түсінді. 
Гуманистік психология көрнекті өкілдері А.Маслоу, К.Роджерс. Гуманистік психологияның негізін қалаушылардың алдына қойған мақсаты- бихевиоризм мен психоанализді дәріптеушілердің адам мәселесіндегі ауытқуларды орнына келтіріп, шындыққа  жақындау, өміршен психологияны тандап алу еді. Өз зерттеулерінің объектісі ретінде гуманист- психологтар салуатты, шығармашыл жеке адам түсінігін таңдады. Бұлар талдауындағы жеке адамның мақсаты – өзін-өзі кемелендіру және мүмкіндіктерін өз күшімен ашып білу.  А.Маслоу адам іс-әрекетінің, адамның мінезі мен қылығының негізі сол адамның өзін-өзі таныту мен өз мүмкіншіліктерін ашуға деген ынта-ықыласында деп есептеген. Өз мүмкіншіліктерін ашуға деген қажеттілік бірнеше қызметпен байланысты. Біріншіден, мұндай гуманистік қажеттілік – адамға, қоғамға тек жақсылық келтіруге ұмытылу.
Екіншіден, адам өз болмысына орай кемелденуі тиіс, яғни адам өзінің барша мүмкіндіктері мен қабілеттерін орнымен пайдаланып, өзіне жүктелген жоғары адамгершілік борыштарды атқаруға міндеті. 

Гуманистік психология тұжырымының өзегі: адам өз бойында алғашқы қаланған, қолынан келетінінің бәрін жүзеге асыруы тиіс. 
Жеке адам психологиясын анықтауда гуманистік психологияның да өзіндік үлесі бар. Жеке адам психологиясы мен мінезі гуманистік дәстүрге сай құрылымда зерттелінді және ол зерттеулерді психодинамикалық, интеракционды, құрылымды-динамикалық, экспериментті емес типіне жатқызуға болады. Негізінен адамның ішкі тәжірбилік құрылымы мен дамуына өзіндік сана мен ойлануына мән беріп, оларды кеңірек сипаттайды. Оларды адам нені қабылдайды, қалай түсінеді және өз өмірінің нақты жағдайларын қалай түсіндіреді деген сияқты сұрақтар қызықтырды. Олар осылай тұлға феноменологиясын сипаттды. Өмірлік тәжірбиесіне негізделіп, «өмір мәні» «құндылықтары», «өмірлік мақсаты» және т.

б. терминдер типімен сипаттауға тырысты. Гуманистік тұрғыда тұлға теориясын анықтауға талпынған американ психологтары А.Маслоу мен К.Роджерс болды. К.Роджерс әрбір адамның қандай қабілеті бар және ол ұмтылу мен бірлесу тұлғаның өзіндік жетілуіне көмек беретін тұрғысын қарастырды. Жоғары саналыққа ие адам өзінің өмірінің мәнін, мақсаты мен құндылығын белгілейді, әрі оның жоғары соты мен эксперті деп есептейді. Роджерс теориясының негізгі түсінігі «Мен» түсінігі. Әрбір адам мен кіммін? Не істей аламын? Кім бола аламын? Ондай болу үшін не істей аламын? деген сүрақтарға жауап береді. «Мен» образы адамның өмірлік тәжірбиесі арқылы айналаны қабылдауы, бағалауы жүзеге асады да, мінезі қалыптасады. 
Адамның негізгі қажеттілігі – өзін жүзеге асыру (самоактуализация) өзіндік жетілуге талпыну мен өзіндік ой болып табылады. Гуманистік психология тұлғаның теориялық бағытын анықтауда өзін жүзеге асырудың барлық бағытымен байланысты болады. А.Маслоу өзін жүзеге асыру сипаттарына ақиқатты белсенді қабылдауы мен оған дұрыс бағдарлану қабілетін; өзін және өзгенің болмысының қандай болғанына қарай, дәл сол түрғысында қабылдауды және т. б. белгілерге қатысты психологиялық ситпттаулар жүргізді [2]. Өзін жүзеге асырушы адам белгілі бір іспен шұғылданады, оны беріліп атқарады және олар мойындауды қажет етеді деп сипаттайды. Олар үнемі таңдауды және шешуші қадам жасаушылар, олар үнемі алда жүруді және кез-келген кедергілерді жеңуде өз мүмкіндігін көрсете алады. 
Тұлға теориясындағы гуманистік бағыт бойынша екіге бағытталған. Біріншісі: «клиникалық» американ психологы К.Роджерс көзқарасымен, екіншісі: «мотивациялық», өкілі Маслоу. Осы екі бағыттың арасындағы кейбір айырмашылыққа қарамастан оларды көптеген ортақтақтар біріктіреді. 
Гуманистік бағыт бойынша адам өзінің табиғатында жақсы және өзін-өзі жетілдіруге ұмтылады. Адамның туа берілген табиғаты онша тұрақты дамуға творчествоға, өзін-өзі жетілдіруге, өзін-өзі жүзеге асыруға ұмтылады. 
Маслоу теориясының негізгі тезистерінің бірі – ол индивидтің тұтастығы. 
Бұл бағыт бойынша әр адамды уникалды ұйымдасқан тұтас жүйе ретінде қарастыру қажет. Уникалды – ешқашан қайталанып келмейтін деген сөз.  
Адамның ішкі табиғатында позитивті өсу мен өзін-өзі жетілдіру потенциялы бар. 
Творчествролық потенциал адамның неғұрлым универсалды сипаты,барлық адамға тән. 
Маслоу психология ғылымының неғұрлым универсалды негізі ретінде психикалық ешқандай ауытқуы жоқ, өзін-өзі өзектендіру адамды зерттеу керек дейді. 
Гуманистік психологияның негізін қалаушы, американдық гуманистік теориялардың бір өкілі, психолог – К.Роджерс ұзақ мерзімді клиникалық зерттеу жұмыстары нәтижесінде өзінің феноменологиялық теориясын және осы теорияға сүйенген “клиентке бағытталатын терапиясын” қалыптастырды. 

К.Роджерс бойынша, адам – табиғаты бойынша конструктивтік, реалистік және белгілі бір мақсаттар мен өзіндік жетілдіруге ұмтылған белсенді тіршілік иесі. К.Роджерс, сондай-ақ, реструктивті-аномалды импульсивті мінез-құлық реакцияларын мойындайды, бірақ мұндай реакциялар тұлғаның шын мәніндегі ішкі табиғатына сәйкес болмаған жағдайларда көрінеді деп есептеген. Тұлғаның жүріс-тұрысы, оның субúективті қабылдауы мен танымы терминологияларын да түсіне аламыз.

Тұлғаның мұндай ішкі жүйесі сыртқы жүріс-тұрысын анықтауда негізгі рөл атқарады. К.Роджерс бойынша, әр адам әр құбылысты субúективті қабылдайды және әр құбылысқа субúективті реакция көрсетеді, яғни осы субúективті тәжірибе Роджерстің феноменологиялық теориясының негізгі тезисі болып табылады. 
Феноменологиялық психологияның негізгі тұжырымы бойынша, феномендердің психологиялық шындығы субúективті қабылдауға сүйенеді, шын мәніндегі шындық — бұл ағза қабылдауының және интерпретацияның шындығы. Тұлға өміріндегі негізгі мотив – ол өзіндік жандандыру тенденциясы, ағзаның барлық қабілеттерін дамытып қана қоймай, тұлға дамуы мен тұтастығын да қамтамасыз етіп отырады. Осы фундаменталды тенденция К.Роджерс қалыптастырған бір ғана негізгі мотивациялық конструктор болып табылады. 
К.Роджерс тұлғаның өзіндік сана-сезімін, “мен” тұжырымдамасын қалыптастыруға негізгі мән берді, өзіндік сана құрылымында идеалды және реалды “мен” бейнесін толық көрсеткен. “Мен” бейнесінің дифференсациялануын, субúективті мәнділігінің артуын тұлға дамуының негізгі көрсеткіші ретінде қарастырады.
К.Роджерс бойынша, идеалды “мен” бейнесі тұлға дамуын, тұлға жетілуін әрдайым итермелеп отырады. Идеалды “мен” мен реалды “мен-нің” арақатынасы өзіндік бағалау деңгейін көрсетеді. Реалды “мен” мен идеалды “мен” бір-біріне жақын болса, өзін-өзі бағалау жоғары. 
Невроздың негізгі себебі – идеалды “мен” мен реалды “мен” арасында үлкен алшақтықтың болуы. К.Роджерс бойынша, “мен” тұжырымдамасының дамуы үшін қажетті шарттар мыналар: 
1. Позитивті қабылдау. К.Роджерс бойынша әмбебап және өзіндік “мен-нің” пайда болуы, “мен” тұжырымдамасының дамуы осыған байланысты. Позитивті қабылдау қажеттігі туа берілген, оның негізгі 2 жағы бар: біріншіден, өзінің позитивті қабылдануы; екіншіден, өзінің басқаларды позитивті қабылдауы. 
2. Құндылық шарты. Позитивті қабылдау қажеттігі қанағаттанғаннан кейінгі негізгі шарт – тұлғаның құндылық бағаларының қалыптасуы. 
3. Шартсыз, бағалаусыз позитивті қабылдау. 
Абрахам Маслоу 1908 жылы 1 сәуірде Нью-Йоркте дүниеге келген. Оның ата-анасы сауатсыз, анасы діндар адам болған. А.Маслоуға ол: “әрбір істеген ісің үшін құдай алдында жауап бересің”, – деп ылғи ұрсып отыратын. Осының нәтижесінде А.Маслоу дінді жек көріп, құдайға сенбей, оған күмән келтіретін болған. 
Ол заңды оқығысы келіп, Нью-Йорктегі Сити колледжіне тапсырды. Екі аптадан кейін өзінің адвокат бола алмайтынына көзі жетеді де, Корнелск университетінде эклектикалық курсқа қатыса бастайды. Ол жас кезінде Висконсин университетінде психология бойынша академиялық курсты бітірген. 1930 жылы бакалавр дәрежесін алып, 1934 жылы ғылым докторы атанады. Оқып жүрген кезінде ол Висконсинде белгілі психолог Гарри Харлоумен бірге жұмыс істейді. 
А.Маслоу ғылымға критикалық көзқараста болады. Оның пікірінше, классикалық механикалық ғылым (оның өкілдері бихевиоризм болып табылады) тұлғаны тұтастай оқып-білу мақсатына сәйкес келмейді [3]. Гуманистік ғылымды механикалық альтернатив емес, соған қосымша ретінде қарастырады. Осында гуманистік ғылым жекелік, сана, этика, т.б. тұтастық сұрақтарымен жұмыс істейді.  
Гуманистік ғылымның негізгі ортақ түсінігі өзін-өзі таныту болып табылады. Ол Фрейд психикасының ауру бөлімін сау бөліммен толықтыру керектігіне тоқталған. Сондықтан Маслоу өзінің зерттеу жұмысын әйгілі ұлы адамдарды зерттеуден бастаған, жаны сау, шығармашылық қабілеттері өте жоғары дамыған. Бұл тізімде Авраам Линкольн, Томас Джеферсон, Альберт Эйнштейн, Франклин Рузвельт, Альберт Швейцер және т.б. болған. 

А.Маслоудың докторлық диссертациясы колоннадағы маймылдардың доминантын және сексуалды жүріс-тұрысын зерттеуге арналған. 
А.Маслоу өзін-өзі таныту теориясында психоанализге және бихевиоризмге қарағанда тұлға табиғатының мүлде қарама-қайшы анықтамасын ұсынады: адам табиғатынан жақсы және өзін жетілдіруге қабілетті, адамдар – саналы әрі ойлы жаратылғандар, адамның мәнділігінің өзі оны тұлғалық өсуге, шығармашылық пен өзіндік жеткіліктілік бағытында тұрақты қозғалысқа итермелейді. 
Бұл теориядағы адамның дамуы, бір жағынан, адамның әлеуметтік, интерактивтік тәуелділігі, екінші жағынан, оның өзін-өзі танытуымен байланысты танымдық, когнитивтік табиғаты ңжарқырап көрінетінң деңгейлерге ие қажеттіліктер баспалдағымен көтерілу ретінде көрінеді. Автор: ңАдамдар жеке мақсаттарды іздеуге себептенеді және бұл олардың өмірін мәнді, әрі саналы етедің, — дейді. Себептену мәселелері тұлғаның гуманистік теориясында орталық болып табылады және адамды қанағаттануға сирек жететін ңүміткер жан иесің ретінде сипаттайды. 
А.Маслоу теориясының негізін мынадай түсініктермен айтуға болады: 
1. Әр адам — ерекше ұйымдасқан тұтастық ретінде қарастыратын тұжырым, яғни тұлғаның негізгі сипаты тұтастық болып табылады. 
2. Адам өзінің ішкі табиғаты бойынша гуманды, әр адамда өзін-өзі таныту, өсу потенциалы бар. 
3. Шығармашылық потенциал әр адамға тән, әмбебап сипаттама болып табылады. 
4. Психологиялық зерттеу. Денсаулыққа мән беру керектігі туралы тұжырымдама. 
Гуманистік психологияда тұлғаның өсуі өзі жеке, автономды болуы, толысуы, психологиясының сау болуы (К.Роджерс бойынша ) немесе өзінің алдына билік мақсаттар қойып, соны орындауға ұмтылу (А.Маслоу бойынша). 
Сонымен, өзін-өзі дамыту дегенді қортындылап, қысқа сөзбен түсінік беретін болсақ: өзін-өзі дамыту – толыққанды өмір сүріп, өзінің не үшін өмір сүріп жатқанын біліп, өмірінің мәнін түсіну.  
Өмірдің мәнін түсіну әр қарай өзін-өзі дамытудың жоғарғы түрі – өзін-өзі белсендірілуге өтеді. 
Өзін-өзі дамытудың мақсаты «басқалардан кем болмау, басқалардан артық болу» мақсатымен тұрып қалу емес, «бұрынғыдан да жақсы болу, бұрынғы жетістіктерден де биік жетістіктерге жетуге» ұмтылу. 
Өзін-өзі дамытудың түрлері санқырлы. Мысалы, адам жаңа білімді игеру арқылы, жаңа іспен айналысу арқылы тағы бір саты жоғары көтеріледі. Алдына белгілі бір мақсат қойса, мысалға адамдармен таласып–тартыспауды мақсат етіп қойса, сол мақсатын орындаса, ол жаңа бір белесті алады. Зиянды әрекеттерден бас тартса, бұл да өзінің даму барысында жаңа бір сатыға көтерілу деп есептеледі. 
Өзін-өзі дамыту қалай іске асады? Бұл өзін-өзі тәрбиелеу барысында іске асады, яғни адам өз өмірімен бәсекеге түсіп, өзінің алдына міндет қояды, өзіне-өзі бұйрық береді. «Өзін-өзі дамытудың» мақсатқа жету қортындысы – адамның өзіне-өзі көңілі толуы, өзінің жетістіктерін көруі, алдына қойған мақсатын орындай алуы, өз өміріне ризалығы, өз істеріне көңіл толуы, айналасындағы адамдармен жақсы қарым-қатынасы.  
Өзін-өзі белсендіру – өзін-өзі дамытудың жоғарғы формасы, ол алдынғы екі формамен тығыз байланыста, әсіресе өзін-өзі дамытумен көптеген ортақ мақсаты мен себептері бар. Өзін-өзі белсендіру теориясының авторы А.Маслоудың анықтамасы бойынша, өзін-өзі белсендіру – бұл әркімнің өзіне берілген міндетін орындауы, өзіне берілген қасиетті пайдалану арқылы айналасына әсер етуі. Өзін-өзі белсендіруге қажеттіліктен адам өз өмірінің мәнін іске асыру мүмкіндігі туындайды. Гуманистік психология зеріттеушілерінің бірі – В.Франкл бойынша, адам өмірінің мәні ол баста берілмейді, оны іздеп табу керек, оны іздеп табудың үш жолы бар дейді: біздің немен айналысуымыз (шығармашылық, жасау т.б.), біздің өмірден алатынымыз (күйзеліс, қуаныш т.б.), тағдырымызды өзгерте алмауымыз себепті, солай қабылдауымыз. Осы құндылықтардың үш бөлігі бар: жасампаздық, бастан өткеру, қарым-қатынас. 
Адам өмірінің мәнін табудың жолы ар-ұят дейді, В.Франкл [4]. Ар-ұят – белгілі бір жағдайда өмірдің мәнін интуитивті іздеу. Өмірдің мәні дегеніміз бақытқа жетіп, өмірдің рахатын іздеу емес, жасампаздық, бастан өткізу, қарым-қатынас құндылықтарын іске асыру. 
Өзін-өзі белсендіру мақсаты – қас-қағым сәтте толыққанды өмір сүру. Бірақ адам бұл уақыттың қысқа екенін сезінбейді, егер адамның өмірі мән-мағынаға толы болса, ол өзін толық аша алса, өзінің қажеттілігін сезіне білсе, ол өзіне де, өз өміріне де өте риза болып, өмірінің ақырына дейін белсенділігін жоғалтпай, өмірінің табыстарына қуанып, өзінің істеріне көңілі толумен болады. 
Әрине, алдыңғы жағдайлар сияқты, өзіндік өзектілікте де кері беталыс бар, ол – өзінің істеу керек әрекеттерін орындамау, осыдан өзін-өзі алдау, өзін-өзі қорғау үшін әртүрлі сылтаулар іздеу басталады, оның түбі торығуға, үмітсіздікке әкеліп соғады. 
Сонымен, өзін-өзі белсендіру үрдісінде адам болымысының екі бағыты тоғысады: өзіндік тану мен өзіндік өсу. Өзін-өзі тану арқылы, адам өзінің қажеттілігін мойындату үшін өз дарынын, қабілетін, мүмкүндіктерін барынша аша түседі және соларды пайдаланады.  
Өзін-өзі белсендіруді сезіну – өмірінің мәнін табу, өзін толық ашу, өз міндетін толық орындау, өмірді толық сезініп, өз өмір сүруінің басты қажеттілігін түсіну, сезіну. 

Өзін-өзі белсендірудің қандай амал-әдістері бар? А.Маслоу оның 8 түрлі жолын бөліп көрсетеді: 
1. Бүкіл болымысымен бастан өткеру. 
2. Өмір әрқашан таңдау үрдісінен тұрады: алға жылжу немесе кейін шегіну; жеке таңдаулар: өтірік айту немесе шындықты айту, ұрлық істеу немесе ұрламау т.б., бір сөзбен айтқанда, өсуді таңдау мүмкіндігі. 
3. Адам өзін-өзі тыңдай білу қасиеті, яғни, өзгенің емес, өз пікіріне сүйену. 
4. Адал болу қасиеті, өзіне жауапкершілік ала білу қасиеті. 
5. Ерікті болу қасиеті. 
6. Өз мүмкіндіктерін өзектендіру нысаны және оның қортындысы. 
7. Қатты күйзеліс, әп-сәттегі рахат сәттеріне кепілдік беру мүмкін емес, оны іздеп әуре болудың да қажеті жоқ. 
8. Адамның өз психологиялық паталогиясын табуы, одан қорғануы және оны жоюға күш салуы. 
Өзіндік өміршеңдіктің қорытындысы – өз өмірінің мәнін түсіну, қателіктерді түзету арқылы дұрыс жолға шығу, өзіңді тұлға ретінде мойындату, өзіңнің ерекшелігіңді, ешкімге ұқсамайтындығыңды, жан-жақтылығыңды мойындату.  
Гуманистік психология-американдық, қазіргі батыстық бағыттардың бірі, 50-ші жылдары Калифорнияда туындады. Гуманистік психологияның зерттеу пәніне өзін-өзі белсендендіруге ашық мүмкіндік беретін толық жүйе ретіндегі тұлғаны жатқызады. Ол егер адамға өз тағдырын таңдау мен бағыттауға мүмкіндік берсе, әрбір адамның даму мүмкіндігіне негізделеді.Оның негізгі принциптерінің құрылуы мен пайда болуы американдық психолог А.Маслоудың есімімен байланысты. Оның орталық көзқарасына-шынайы психикалық денсаулықты көрсететін максималды шығармашылық, өзін-өзі ұйымдастыру қажеттілігі туралы көрініс, тұлғаның құрылу түсінігі болып табылады. 
А. Маслоу бойынша тәрбие мен қоғамдық нормалар адамдарды өздерінің сезімдері мен қажеттіліктерін ұмытуына және басқалар атаған құндылықтарды қабылдауына мәжбүрлейді. Сондықтан адамдардың негізгі қажеттіліктерін қанағаттандыру мүмкіндіктері жоғары деңгейдегі қажеттіліктерді қанағаттандыру мен пайда болуға кедергі жасап, шектеулі болып келеді. 
Қажеттіліктер – жеке адамның, әлеуметтік топтың, қоғамның тіршілік әрекетін қамтамасыз ету үшін обьективті түрде керек нәрсеге мұқтаждық, белсенді әрекеттің ішкі қозғаушысы. Қажеттіліктер субьект пен оның қызметінің өзара байланысын көрсетеді, әуестіктен, мүдделерден, мақсаттардан және мінез-құлықтан көрініс табады. Қажеттіліктерді қанағаттандыру мақсатты іс-әрекеттің нәтижесінде іске асады. Қажеттілікті тәрбиелеу тұлғаны қалыптастырудың орталық міндеттерінің бірі болып табылады. 
Бихевиористік бағыттың дамуына зор үлес қосқандардың бірі – американ психологы, гуманистік психологияның жетекшілерінің бірі Абраам Маслоу (1908 -1970). Ол адам іс-әрекетінің, адам мінез-құлқының, қылықтарының негізгі көзі ретінде — адамның өзін-өзі танытуға ұмтылуын, өзін-өзі көрсетуге ұмтылуын қарастырды. А.Маслоу өзінің меншікті биографиялық әдісін пайдаланады. Ұлы адамдардың өмір тарихын, биографияларын зерттей отырып, мынадай тұжырымға келеді: өзін-өзі таныту қажеттілігі – дені сау адамдарда ғана пайда болады. 

А.Маслоудың пікірі бойынша, өзін-өзі таныту туа біткен құбылыс, ол адам табиғатына енеді. Адамгершілік, жақсылық жасау, жақсылық тілеу адамның өзегін құрайды. Адам осы гуманистикалық қажеттіліктерін жүзеге асыра білуі керек. А. Маслоу теориясындағы бұл тұжырым дұрыс деп саналды. Өз көзқарастарын ол “Адамдық мотивация теориясы” (1934), “Психологияға шолу”(1934), “Мотивация мен индивидуалдылық” (1970) атты ғылыми еңбектерінде баяндаған. Маслоу “қажеттіліктер пирамидасы ” деп аталып кеткен ынтаның (қажеттіліктердің) иерархиялық теориясын жасаушы ретінде танымал ғалым. адамның қажеттілктерінің күнделікті және олардың ынталандыруға әсері туралы еңбегінен еңбегінен білген бихевиорисердің бірі болып А.Маслоу табылды. 
Онымен құрастырылған кең танымал қажеттіліктердің иерархиясы келесі негізгі ойлар мен алғы шарттарды кіргізеді: 
• адамдар үнемі қандай да қажеттіліктерді сезеді; 
• адамдар бөлшек топтарға біріккен күшті белгіленген қажеттіліктер жинағын бастан кешіреді; 
• қажеттіліктер тобы бір-біріне қатысты иерархиялық түрде орналасқан; 
• қажеттіліктер қанағаттандырылмаса, адамды іс-әрекеттерге түрткілейді. Қанағаттандырылған қажеттіліктер адамдарды қайта ынталандырмайды; 
• егер қажеттілік қанағаттандырылса, оның орнын басқа қанағаттанбаған қажеттілік басады; 
• көп жағдайда адам бір-бірімен жинақтылық қатынаста болатын бір уақытта бірнеше әр түрлі қажеттіліктерді сезеді; 
• «пирамиданың» негізіне жақын тұрған қажеттіліктер ең бірінші ретте қанағаттандыруды талап етеді; 
• жоғарғы деңгейдегі қажеттіліктер төменгі деңгейдегі қажеттіліктер қанағаттанған соң адамға белсенді түрде әсер етуді бастайды; 
• төменгі деңгейдегі қажеттіліктерге қарағанда жоғарғы деңгейдегі қажеттіліктердің көп санымен қанағаттанулары қажет.  
Маслоудің іліміне сәйкес адам түрлі қажеттіліктерге ие, оларды негізгі 5 категорияға бөлуге болады: 
Биологиялық және физиологиялық қажеттіліктер: тамақ, су, баспана, жылу, жыныстық қатынас, ұйқы, физикалық тәуелсіздік сияқты қажеттіліктер келесі деңгейге ауыспай тұрып қанағаттандырылуы керек. 
Адамның өмір сүруі үшін ең алдымен ауа қажет. Ауа тіршілік көзі. «Ауа өмір тынысы» деп халық бекер айтпаған. Тыныс алу тоқтаса, өмір де тоқтайды. Айналамызда жасыл өсімдіктер неғұрлым көп болса, ауада соғұрлым таза. Таза ауада демалу, спортпен шұғылдану, салауатты өмір салтын ұстану — әрбір адамзаттың негізгі қажеттілігі. 
Адам аштыққа ұшыраса, ол ең алдымен тамақ іздейді. Дұрыс тамақтану адам денсаулығының құрамдас бір бөлігі болып табылады. Күніне бір-екі рет қана тамақтану дұрыс емес, белгілі мөлшерде үш, төрт рет тамақтану керек. Үшінші тамақ құнарлы болғаны жөн. Дұрыс тамақтану — адамның денсаулығының негізі, ол ағзаның қоршаған ортаның әртүрлі қолайсыз жағдайларына төзімділігін арттырады. Биологиялық қажеттіліктер орындалғаннан кейін, баспана, жылу, жыныстық қатынас, ұйқы, физикалық тәуелсіздік сияқты қажеттіліктер келесі деңгейге ауыспай тұрып қанағаттандырылуы керек. 

Қауіпсіздікке және болашаққа сеніммен қарау қажеттілігі (экзистенциялық қажеттіліктер) қорғау, тәртіп, заң, шек қою, тұрлаулылық және т.б. болашағы болжанған және бірізділікке негізделген өмір болуын көздейді.Адам денсаулығы мен жұмысқа қабілеттілігін сақтап қалу үшін жарақаттанудан қашық болуға тырысады. Адам қауіпсіздікте және жинағының сақталуында психологиялық қажеттілікті сезеді. Қажеттіліктің осы түрі адамдарды өрттен сақтану келісімдерін жасауға немесе өзінің ақшасын банкте сақтауға итермелейді. 
Сүйіспеншілікке және қарым-қатынасқа деген қажеттіліктер (әлеуметтік қажеттіліктер). Адам ұжымның мүшесі болуға, бірлескен іс-шараларға қатысуға ұмтылады. Ол адамдардың көңілін өзіне аударғысы келеді, жақын араласушылық пен қолдауға, достық пен махаббатқа мұқтаж. 
Құрмет көрсетілуін қажет ету (беделді қажеттіліктер) Адам өзін сыйлауды, оның қол жеткізген жетістіктеріндегі шеберлікті мойындауды, құзыреттілікке ие болу ниетіне жол ашуды, қызмет сатысы бойынша өсуді, айналадағылардан сыйласушылықты, ұжымдағы лидерлік позицияны үстануды қажет етеді.  
Өзін-өзі таныту қажеттіліктері (рухани қажеттіліктер). Адам өзінің білімін, қабілеттіліктерінің, біліктілігі мен дағдыларын барынша толық пайдалануға ұмтылыс танытады. Бұл қажеттіліктер өз көрінісін өнер, тұлғаның өзін көрсетуі арқылы көрініс табады [5]. Маслоу оқуды өзін өзі көрсетудің бір жолы ретінде қарастыруға болады деп ойлайды. Өзін өзі көрсету басты мақсат болғанымен, басқа сатылармен байланысты мақсаттар да басымдыққа ие бола алады. Бұған жұмысты аяқтағаннан алатын рахат сезімі мен импульстарды бақылауды жатқызуға болады. 
Физиологиялық және қауіпсіздік пен болашаққа сеніммен қарау қажеттіліктері алғашқы ретті (базисті) қажеттіліктерге жатады, ал қалғандары – екінші ретті (туынды) жатады, олар үнемі өзгеретін немесе метақажеттіліктер деп аталады. Қажеттіліктерді иерархиялық құру теориясы әрбір қажеттіліктердің табиғаты қандай деген сұраққа жауап бермейді. Бұл теорияның негізгі міндеті адамды ынталандыруға қажеттіліктің әсер етуінің белгілі динамикасын біле отырып, адамға әсер ету оған белгілі дәрежеде өзінің қажеттіліктерін қанағаттандыруға мүмкіндік беруін көрсетуге ұмтылу болып табылады.  
Бұл теория қазіргі басқару теориясы мен тәжірибесінің дамуына үлкен әсерін тигізді. Бірақ өмір осал жерлері бар екенін де көрсетті. Біріншіден, қажеттіліктер көптеген жағдайлы факторларға байланысты түрліше көрінуі мүмкін (жұмыстың мазмұны, ұйымдағы жағдай, жас, жыныс және т.б.). Екіншіден, бір топ қажеттіліктің басқа қажеттіліктің артынан Маслоу “пирамидасы” көрсеткендей, жүруі мүмкін емес. Үшіншіден, жоғары деңгейдегі қажеттіліктердің қанағаттануы олардың ынталандыруға әсер етуді әлсіздендіруге әкелуі міндетті емес. Осы ережеден басқа оның қанағаттану дәрежесіне қарай ынталандыруға өзінің әсерін әлсіздете және тіпті күшейте алатын өзін көрсету қажеттілігі болып табылады. 
Тұлғаның дамуын түсіндіруге арналған негізгі принциптер: жоғарыдағы қажеттіліктерді ұйымдастыруға кіріспес бұрын, төмендегі қажеттіліктерді қанағаттандыру қажет. Онсыз жоғары деңгейде тұрған қажеттіліктер қанағаттандырылмайды [6]. Негізінде адам қажеттіліктер табалдырығына неғұрлым көп көтерілсе, соғұрлым ол дара және дені сау, гуманды болады. Пирамиданың ең үстінде өзін-өзі белсендендірумен байланысты қажеттіліктер тұрады. Бұл деңгейге тек 1% ғана жетеді. Көбісінің өзінің потенциалына көзі жабық және оның бар екенін білмейді. Қоғамда тұлғаны белсендіндіру тендециясы бар, оған қоршаған орта әсер етеді. Ол отбасына да қатысты: достық, сенімділік, қауіпсіз, қажеттіліктері қанағаттандырылған ортада өскен балаларда өзін-өзі белсендендіруге де мүмкіндік бар. Негізінде, егер адам өзін-өзі белсендендіру деңгейіне шықпаса, бұл дегеніміз төмендегі қажеттіліктердің біреуінің «шектелгендігі». 
Тұлғаның дамуы – бұл өзінің «шынайы Менін» түсінудегі тенденция сияқты өзін-өзі белсендендіру мен өзінің «шынайы Менін» түсінудің жоғарылау, конкуренттіліктің жоғарылауы [7]. 
«Өзін-өзі белсендендіру» дегеніміз не? деген сұраққа А. Маслоу: «Өзін-өзі белсендіруде адамдар белгілі бір іс-әрекетке енгізіледі. Тұлға осы іске берілгендіктен, ол үшін құнды болып табылады». 
Топқа ену мен өзін сыйлау сезімі-өзін өзі өзектендіруге қажетті жағдай, өйткені адам өзін тек өзі және басқалар туралы ақпарат алғанда ғана түсіне алады. Керісінше, тұлғаның дамуына кедергі жасайтын патогендік механизмдер мыналар: шынайылыққа қатысты пассивті позиция, шығарып тастау және «Менді» қорғаудың басқа амалдары, проекция, ауыстыру, заттардың шынайы жағдайын ішкі тепе-теңділікке қарай бұрмалау. 
Сонымен тұлғаны өзін-өзі өзектендіру теориясы бойынша, адамның міндеті- қоғамда өзіндік түрде болу. 
Қорыта келгенде, өзіндік даму қиын, күрделі, жан-жақты үрдіс екенін көрдік, оның жақсы немесе кері жақтары барын, өз-өзінің мақсаты, түрлері, кескіні барын көрдік. В.Франкл мынадай жақсы сөз айтқан еді: «Тағдырды өзгерту мүмкін емес, егер оны өзгерте алсақ, ол тағдыр болмас еді. Адам оны өзгерте алмайды, әйтпесе ол адам болмас еді». Өзін-өзі жасау қабілеті – адамдық болымыстың ерекше билігі. 
Психологиялық механизмдердің мәселелеріне тоқталайық: олар өзін-өзі қабылдау және өзін-өзі болжау. 
Өзіндік дамудың механизмі ретіндегі өзіндік қабылдау және өзіндік болжау. Өзіндік танудың механизмдері жайлы сөз болған уақытта біз сәйкестік өзімізді бірдеңемен теңестіруге әкелетінін байқадық, ал рефлексияда (сананың өзіне психикалық көз жүгіртуі, өзіне назар аударуы) өзімізге сырттан қарайтынымызды байқадық және өзін-өзі болжау адамның өз-өзін, кейбір қасиеттерін қалай қабылдауына тікелей байланысты.  
Сондықтан, тағы бір еске салып өтейік: өзіндік қабылдау – ол адамның өзін-өзі тануы, өзіндік дамумен қатар жүретін құбылыс. 

Пайдаланылған әдебиеттер 
1. Роджерс К. Взгляд на психотерапию. Становление человека. – М., 1994. 
2. Маслоу А. Новые рубежи человеческой природы.–М.: 2010. 
3. Маслоу А. Дальние пределы человеческой психики. – СПб, 1997. 
4. Франкл В. Психотерапия на практике. – СПб, 1999. 
5. Орақова А.Ш, Корнилова Т.Б. Коуч – мұғалімнің жұмыс кітабы. – Алматы, 2014ж. 
6. Аймауытов.Ж. Психология. Алматы. 1995ж. 
7. Жақыпов С.М. Жалпы психологияға кіріспе — «Алматы университеті», Оқу құралы – 2012 ж.

@. @assel_assanova

Гуманистік психология

         Гуманистік психология — XX ғасырдың 60 жж. батыста пайда болған және психологияның негізгі пәні жоғары көріністерінде, құндылықтары мен мағыналарында қарастырылатын адам болуы қажет деп есептейтін психология бағыттарының бірі. Гуманистік психология көрнекті өкілдері — А. Маслоу, К. Роджерс, Г. Олпорт.

Гуманистік психологияның мынадай  негізгі қағидаларын бөліп көрсетуге  болады:

  • адам өзінің біртұтастылығымен зерттелінуі қажет;

әрбір адам қайталанбас тұлға;

  • адам дүниеге ашық болып келеді, адамның дүниені және өзін-өзі дүниеде сезінуі басты психологиялық ақиқат болып табылады;
  • адам өмірі тұлға болмысы қалыптасуының бірыңғай процесі ретінде қарастырылуы қажет;
  • адамның бойында оның табиғатының бөлшегі болып табылатын үздіксіз дамып жетілуге және өзін-өзі танытуға деген күш-қуаты болады;
  • өзінің шешімдері мен әрекеттерінде басшылыққа алатын мағыналар мен құндылықтардың негізінде адамның сыртқы түрткі күштерден белгілі бір тәуелсіздік дәрежесі болады;
  • адам — ол интенциялы, белсенді, жігерлі, творчестволық жан.

     Гуманистік психология өкілдерінің тұжырымдарының көбі орынды болғанымен, соңғы тұжырымдарында олар тұлғаның әлеуметтік ортадан тәуелсіздігі жөнінде бұрыс пікірде болған. Бұл адам психикасының мәдени-тарихи шарттылығы идеясына қайшы келді. Гуманистік психология психология ғылымының саласы, адамды жоғары рухты, алдына өзін жетілдіру мақсатын қойып, соған жетуге ұмтылыс жасайтын тірі жан ретінде қарастырады.

             Адамның өзін-өзі таныту феноменіне қатысты тұжырымдамалар өзін-өзі таныту мен өзін-өзі жүзеге асыруды мәні бойынша жақын, синоним ұғымдар деп сипаттайды. Адамның өз мүмкіндіктері мен қабілеттерін толықтай анықтауға және дамытуға ұмтылысы (гуманистік психологтар), өз дамуының ішкі тенденциясын толықтай анықтауға және дамытуға ұмтылысы, адамның өзі бола алатын тұлға болып шығуға ұмтылуы және басқа да тұжырымдамалар осы екі түсінікті бір кешенде қарастыру керектігін айтады. Олар бірін бірі толықтырып отырады және көптеген жағдайларда синонимдер секілді қолданылады. Л.А. Коростылеваның пікірінше, «өзін-өзі таныту» және «өзін-өзі жүзеге асыру» терминдерінің интерпретациясындағы кейбір айырмашылықтар тұлғаның көрініс табуының әртүрлі жақтарымен байланысты. Оның пікірінше, тұлға тіршілік етуінің ішкі (субъективті) және сыртқы (объективті) жағынан байқалады. Бұл жағынан алғанда таныту үрдісі тұлғаның ішкі аспекті ретінде, ал таныту сыртқы аспект ретінде көрініс табады. Онымен қоймай, Л.А. Коростылева өзін-өзі таныту ұғымын өзін-өзі жүзеге асырудың жоғарғы деңгейі ретінде суреттейді. Оның пікірінше, «ең толық өзін-өзі жүзеге асыру мән-өмірлік және құндылық бағыттарын жүзеге асырудан тұрады, яғни мәндік, аутентикалық өзін-өзі жүзеге асыру – танытуға деген қажеттіліктерді өзінің қабілеттері мен дарындарын жүзеге асыруға ұмтылу ретінде жүзеге асыру орын алады. Мұндай өзін-өзі жүзеге асыруды өзін-өзі беру, өзін-өзі іске асыру деп атайды .

Өзін-өзі трансценденциялау адамның  өз «Менінің» шегінен шығуымен, оның қоршаған адамдарға, өзінің  әлеуметтік іс-әрекетіне, басқаша  жеткізер болсақ, қалай да болсын  адамның өзімен ұқсастыруға болмайтынның  бәріне басым бағыт-бағдар алуымен  байланыстырады. Қалай болғанда  да, алайда екі альтернатива ретінде  өзін-өзі трансценденциялау мен  танытуды үзілді-кесілді қарсы  қою, А. А. Реанның пікірінше, мақсатқа  лайықты іс емес. «Гуманистік  қараудың күші және оның дамуының  болашағы осы екі бастауды  етене байланыстырудан тұрады»  . Батыс психологиясында гуманистік тұжырымдаманы жақтаушылар (А. Маслоу, К. Роджерс, В. Франкл және т.б.) әдетте таныту және өзін-өзі көрсету ұғымдарін анық ажыратпайды. Олар көбінесе синонимдер ретінде қолданылады және айтарлықтай мағыналық айырмашылықтарға ие болмайды. Отандық психологияда осы екі түсініктің айырмашылығына К.А. Абульханова-Славская акцент жасауда, ол өзін-өзі таныту тек қана тұлғада тұрақты Мен-тұжырымдамасы, Мен-бейнесі қалыптасқан кезде, тұлға өзінің қабілеттері мен мүмкіндіктерін толығымен ұғынған және түсінгенде ғана жүзеге асырылады деп есептейді. Ішкі дүние сезімін және дүниені қабылдауды негізге ала отырып, тұлғаның сыртқы танытуы (өзін-өзі жүзеге асыруы) немесе өзін-өзі көрсетуі де ықтимал. Алайда өзін-өзі көрсету, ішкі тұлғалық алғышарттарға ие болмай, танытудың сыртқы атрибуты ретінде көрініс табуы мүмкін

  1. Гуманистік психологияның көрнекті өкілдерінің бірі – А. Маслоу болды. Ол адам іс-әрекетінің, адам мінез-құлқының, қылықтарының негізгі көзі ретінде – адамның өзін-өзі танытуға ұмтылуын, өзін-өзі көрсетуге ұмтылуын қарастырды. А. Маслоу өзінің меншікті биографиялық әдісін пайдаланады. Ұлы адамдардың өмір тарихын, биографияларын зерттей отырып, мынадай тұжырымға келеді: өзін-өзі таныту қажеттілігі – дені сау адамдарда ғана пайда болады.

      А. Маслоудың пікірі бойынша, өзін-өзі таныту туа біткен құбылыс, ол адам табиғатына енеді. Адамгершілік, жақсылық жасау, жақсылық тілеу адамның өзегін құрайды. Адам осы гуманистикалық қажеттіліктерін жүзеге асыра білуі керек. А. Маслоу теориясындағы бұл тұжырым дұрыс деп деп саналды.

       

 

( 1908 – 1970 )

  Көптеген кәсіби және ғылыми қоғамдардың құрметті мүшесі  болған А.Х.Маслоу “ Гуманистік психология ”,           “Трансперсоналды психология” журналдарының негізін қалаушы.

 А. Маслоу адам қажеттіліктерін бірнеше түрге бөлді:

 а) физиологиялық қажеттіліктер;

 ә) қауіпсіздікті қажет ету;

 б) қорғанысты қажет ету;

 в) ақиқатты, адамгершілікті, әділеттілікті қажет ету. өзін-өзі таныту туа бітсе, қажеттіліктердің бастапқы үш тобы қанағаттандырылса ғана өзін кеңірек көрсете алады.

  Міне осы, А. Маслоу ілімінің негізгі ақауы – қажеттіліктірдің бастапқы үш тобы қанағаттандырылмаған адамдардың әділеттілікті, сый-құрметті және т. б. қажет етуінің қалай қалыптасатыны түсініксіз. А. Маслоу антропологиялық ұстанымда қалып, қажеттіліктің әлеуметтік жағын аша алмады.

Маслоу бойынша қажеттіліктер пирамидасы.

Ынталандырудың мазмұнды теориялары  бірінші кезекте,әсіресе жұмыстың  көлемі мен мазмұнын анықтауда  адамдардың сұранысын анықтайды. Ынталандырудың қазіргі крнцепцияларының  негіздерін салуда Абраам маслоу, Фредерик Герцберг еңбектері  үлкен маңызға ие болды.

Басқарушылары адамның қажеттілктерінің  күнделікті және олардың ынталандыруға  әсері туралы еңбегінен еңбегінен  білген бихевиорисердің бірі  болып А.Маслоу табылды.

Онымен құрастырылған кең танымал  қажеттіліктердің иерархиясы келесі  негізгі ойлар мен алғы шарттарды  кіргізеді:

    ·адамдар үнемі қандай да қажеттілктерді сезеді;

    ·адамдар бөлшек топтарға біріккен күшті белгіленген қажеттіліктер жинағын бастан кешіреді;

      ·қажеттіліктер тобы бір-біріне қатысты иерархиялық түрде орналасқан;

      ·қажеттілктер қанағаттандырылмаса,адамды іс-әрекеттерге түрткілейді. Қанағаттандырылған қажеттіліктер адамдарды қайта ынталандырмайды;

       ·егер қажеттілік қанағаттандырылса,оның орнын басқа қанағаттанбаған қажеттілік басады;

       ·көп жағдайда адам бір-бірімен жинақтылық қатынаста болатын бір уақытта бірнеше әр түрлі қажеттіліктерді сезеді;

       · “пирамиданың” негізіне жақын тұрған қажеттіліктер ең бірінші ретте қанағаттандыруды талап етеді;

       ·жоғарғы деңгейдегі қажеттіліктер төменгі деңгейдегі қажеттіліктер қанағаттанған соң адамға белсенді түрде әсер етуді бастайды;

        ·төменгі деңгейдегі қажеттіліктерге қарағанда жоғарғы деңгейдегі қажеттіліктердің көп санымен қанағаттанулары қажет.

 

Қажеттіліктерді иерархиялық құру  теориясы әрбір қажеттіліктердің  табиғаты қандай деген сұраққа  жауап бермейді. Бұл теорияның  негізгі міндеті адамды ынталандыруға  қажеттіліктің әсер етуінің белгілі  динамикасын біле отырып адамға  әсер ету оған белгілі дәрежеде  өзінің қажеттіліктерін қанағаттандыруға  мүмкіндік беруін көрсетуге ұмтылу  болып табылады. Бұл теория қазіргі  басқару теориясы мен тәжірибесінің  дамуына үлкен әсерін тигізді. Бірақ өмір осал жерлері бар  екенін де көрсетті.

Біріншіден,қажеттіліктер көптеген  жағдайлы факторларға байланысты  түрліше көрінуі мүмкін (жұмыстың  мазмұны,ұйымдағы жағдай,жас,жыныс  және т.б.). Екіншіден,бір топ қажеттіліктің  басқа қажеттіліктің артынан  Маслоу «пирамидасы» көрсеткендей,жүруі  міндетті емес. Үшіншіден,жоғары  деңгейдегі қажеттіліктердің қанағаттануы  олардың ынталандыруға әсер етуді  әлсіздендіруге әкелуі міндетті  емес. Осы ережеден басқа оның  қанағаттану дәрежесіне қарай  ынталандыруға өзінің әсерін  әлсіздете және тіпті күшейте  алатын өзін көрсету қажеттілігі  болып табылады. Өзін таныту және  өзін көрсету қажеттілігі осы  қажеттілікті қанағаттандыру процесіндегі  ынталандыруға күшті әсерін тигізе  алатынын тәжірибе көрсетті.

Одан толығырақ санатталған  иерархия да бар. Жүйеде жеті  деңгейлі (приоритеттер) қажеттілік  бар:

 

  • Физиологиялық (ең төменгі)
  • Қауіпсіздік
  • Махаббат/бір нәрсеге тиеселілік
  • Құрмет
  • Білім алу
  • Эстетикалық
  • Өзінің маңызын түсіну

 

 

 

Әр деңгей іске асқанда, келесі деңгей маңызға ие болады. Бірақ бұл алдыңғы қажеттілік маңызын жоғалтты дегенді білдірмейді. Сонымен қатар әр деңгей тұрақты приоритеті, орны болмайды пирамидаға сәйкес, яғни әр адамға әр қандай қажеттілік маңыздылығы әр түрлі.

  Кемшілігі

 Маслоу теориясының басты кемшілігі – оның биологизаторлық ( адам болмысы – табиғаттан ) пікірден аса алмағандығында біздің қайырымды , игілікті болып дүниеге келетініміз  , жаман болу біздің еркімізде еместігі – әрқайсымыздың да көңілімізге қонымды. Бірақ инабаттылық қасиеттері табиғаттан берілмейтіндігін иойындаған жөн: қайырымды болып та туылатын адам жоқ, жатырынан жауыз болатын да пенде әзірге көргеніміз жоқ. Бұлардың бәрі өмір барысында қалыптасады .Адамгершілік ,этикалық қасиеттерді тума құбылыс деп тану – биологиязациялық дағдарысқа тірелудің басы.

2. К. Роджерс

Психотерапия саласында өзіндік  төңкеріс жасаған,клиентке бағытталған  терапияның авторы К.Роджерстің  кеңес беру мен психотерапияға  арналған еңбектерінен негізгі 3 бөлім енгізілген:

  • Кеңес берудің рөлі.
  • Кеңес беруге кіріспе.
  • Кеңес беру процесі.

К.Роджерстің өзі осы еңбектерін  — практикалық жұмыс саласындағы  ең жаңа тұрғылар деп атайды.

 К.Роджерстің адам табиғатына  көзқарасы , Фрэйдтің көзқарасы сияқты , оның эмоциялық бұзылулары  бар адамдармен тікелей жүргізген жұмыстарының негізінде қалыптасқан. Оның көзқарасы бойынша , адам –белсенді субъект , өзінің алға қойған мақсатына сәйкес даму қабілеті бар. Бүкіл адамзаттың  табиғи үрдісі – тәуелсіздік , әлеуметтік жауапкершілік , креативтілік және кемелдену бағытындағы қозғалыста болуы. Адам табиғатына осындай көзқарас Роджерстің теорясының түйіні болып табылады да ,гуманистік бағытқа дәлме-дәл келеді.

 

 

 

 

(1902 -1987)

 

    Гуманистік психологтяның , жеке тұлға психологиясының көрнекті өкілдерінің бірі. Америка психологиясының  ассоциациясы тарапынан 1956,1972 жж. 2 мәрте марапатталған.

     Роджерс адамның бүкіл өмірлік тәжірибесін өзіндік кемелденуіне қалай қызмет ететіне байланысты бағалайды.

Роджерс теориясындағы тірек  ұғымдары:

  • Өзіндік кемелдену  
  • Феномендік бағдар

(Әрбір адамның ерекшелігі оның  қабылдау ерекшеліктеріне тікелей  байланысты )

  • Субъективті тәжірибенің үстемдігі

 

  •   “Мен” тұжырымдамасы

 

 

 

 

Роджерс бойынша , “Мен” тұжырымдамасы  “Нақты Мен-ді ” және “Идеялды  Мен-ді” (адамдар қандай болғысы  келеді және қандай болу керек) қамтиды.”Мен ”

тұжырымдамасының дамуы ,негізінен, әлеуметтену процесі арқылы жүреді. Әрбір  адам үшін ең маныздысы –  оны басқалардың түсінуі және  жақсы көруі.

3. Г.У. Олпорт

 


Ассоциация гуманистической психологии — AHP — Ассоциация гуманистической психологии — AHP

Преимущества

События

AHP Предназначен для всех, кто хочет стать более творческим, любящим, игривым и живым. Мы изучаем, какими бывают люди, когда они в самом лучшем состоянии, и как каждый из нас может жить таким же образом каждый день. Присоединяйся к нам!

Ресурсы

Информационный бюллетень AHP Perspective

Погрузитесь в мудрость самых творческих мыслителей AHP

Подробнее

Одобренные организации

Узнайте о некоторых программах, которые нас очень впечатлили

Читать далее

AHP Social Media

Примите участие в улучшении нашего мира и поднимите себе настроение в этом процессе

Подробнее

Справочник профессионалов

Свяжитесь с экспертами, которые помогают людям расти!

Подробнее

Последний блог

Расплата человечества со своими ранами, связанными с расой: исцеление и восстановление на индивидуальном и коллективном уровнях

В эти тревожные времена многие сердца и умы нуждаются в исцелении, особенно в отношении проблем, связанных с расой. С этой целью президент Университета Ubiquity Джим Гаррисон попросил меня подготовить серию панельных дискуссий из пяти частей для продолжающегося виртуального глобального саммита под названием «Восстание человечества: саммит по глобальным решениям». Я назвал серию из пяти частей «Расплата человечества со своими ранами, связанными с расой: исцеление и восстановление на индивидуальном и коллективном уровнях». Эти панельные дискуссии состоялись в апреле 2022 года. Человечество как вид стремится развивать свое индивидуальное и коллективное сознание. Различные сегменты человечества сейчас взращивают

Все блоги

Последнее событие

6 ноября – 13 ноября 2022 г. Ежегодная международная конференция Virginia Satir 2022 г. «Обретение силы в неопределенности: наша коллективная мудрость» ПРИСОЕДИНЯЙТЕСЬ К НАМ НА ПРЕКРАСНУЮ НЕДЕЛЮ ОБЩЕНИЯ, ОБУЧЕНИЯ И ОБМЕНА В КРАСИВОЙ СРЕДЕ. МЫ ОЧЕНЬ РАДЫ ЛИЧНОЙ ВСТРЕЧЕ И СДЕЛАЕМ ЭТО ОЧЕНЬ ОСОБЕННЫМ СОБЫТИЕМ, КОТОРОЕ ВЫ НЕ ХОТИТЕ ПРОПУСТИТЬ Международная сеть человеческих ресурсов обучения (IHLRN) – это организация, основанная в 1969 году Вирджинией Сатир, пионером в области семейной терапии. . Она хотела собрать коллег со всего мира, заинтересованных в изучении гуманистических подходов. Эта сеть превратилась в

17 ноября 2022 г. Онлайн-семинар с интерактивным зумом Переписывая семейные правила  В каждой семье есть свой свод правил и стандартов, которым должны следовать дети. Некоторые семейные правила являются полезными ориентирами в жизни, в то время как другие могут подавлять индивидуальность и препятствовать полному выражению наших талантов. В четверг, 17 ноября, исполнительный директор AHP Роберт МакГэри, магистр медицины, представит новый семинар, который поможет вам определить семейные правила, по которым вы живете, расшифровать, какие правила полезны, а какие нет, а затем создать новые правила, которые освободить вас, чтобы жить по-настоящему

Все события

Гуманистическая психология: определение и история

(последнее обновление: 5 ноября 2021 г.) это движение, которое подчеркивает присущую людям доброту. Вместо того, чтобы сосредотачиваться на том, что не так с людьми, гуманистическая психология использует более целостный подход, рассматривая человека в целом и подчеркивая стремление к самореализации.

История гуманистической психологии

Гуманистическая психология возникла в середине двадцатого века как прямой ответ на психоанализ и бихевиоризм. Основоположники гуманистического подхода считали психоаналитическую точку зрения Зигмунда Фрейда слишком негативной и сосредоточенной только на патологии. С другой стороны, бихевиоризм Б. Ф. Скиннера был слишком механистичен и сводил человеческую природу к простым условным реакциям.

Психолог по имени Карл Роджерс вместо этого интересовался тем, что помогает людям расти, меняться, совершенствоваться и процветать. Он считал, что психология — это гораздо больше, чем исправление проблемного поведения или психических заболеваний. Также речь шла о том, чтобы помочь людям жить лучшей жизнью, на которую они способны, и достичь как можно большего счастья.

Роджерс считал, что все люди обладают так называемой тенденцией к актуализации или врожденной потребностью стремиться к тому, чтобы стать лучше. Именно эта концепция тенденции актуализации вдохновила психолога Абрахама Маслоу на создание иерархии человеческих потребностей.

Более базовые потребности лежат в нижней части этой иерархии, предположил Маслоу. По мере удовлетворения этих потребностей он предположил, что более продвинутые потребности приобретают большее значение, включая потребность в самореализации. Он описал это как необходимость реализовать весь свой потенциал и стать всем, чем можно быть.

5 Принципов гуманистической психологии

Согласно одной ранней статье, написанной двумя выдающимися психологами, существует пять основных принципов гуманистической психологии:

  1. Люди больше, чем сумма их частей.
  2. Чтобы понять людей, вы должны смотреть на них как с точки зрения их человеческого контекста, так и с точки зрения их места во Вселенной.
  3. Люди обладают сознанием, а это значит, что они осознают и осознают это осознание.
  4. Люди обладают свободой воли и способны делать свой собственный выбор, но с этим выбором приходит и большая ответственность.
  5. Люди намеренно ищут вещи и стремятся оставить свой след в мире, ставя цели, выражая творчество и ища смысл.

Развитие гуманистической психологии

Карл Роджерс не только верил, что люди в своей основе хороши и всегда стремятся к росту; он также чувствовал, что эти основные принципы также играют важную роль в психотерапии.

Он разработал подход к лечению, известный как терапия, ориентированная на клиента, которая подчеркивала важность безусловного положительного отношения. Демонстрация безоговорочной поддержки клиентам, по его мнению, может способствовать процессу лечения.

В конце 1950-х годов Абрахам Маслоу и другие мыслители-гуманисты начали формализовать развивающийся гуманистический подход. Когда они начали развивать профессиональную организацию, они наметили некоторые из основных тем, представляющих интерес, включая самореализацию, творчество, индивидуальность и самореализацию.

Несколько важных событий в истории гуманистической психологии:

  • В 1961 году Американская ассоциация гуманистической психологии.
  • Публикация Маслоу « На пути к психологии бытия » в 1962 году часто считается официальным введением того, что Маслоу назвал «третьей силой» в психологии (психоанализ и бихевиоризм являются первой и второй силой).
  • В 1971 году гуманистическая психология получила отдельное подразделение Американской психологической ассоциации.

Преимущества гуманистической психологии

С момента своего создания гуманистическая психология получила похвалу за то, что помогла передать способность контролировать собственное психическое здоровье в руки человека. Гуманистический подход полагает, что люди могут внести большой вклад в собственное психическое состояние.

Хотя гуманисты верят в личный контроль и автономию, они также признают огромную роль, которую влияние окружающей среды может играть в воздействии на психическое здоровье и благополучие. Наше окружение и опыт также помогают формировать наше поведение и мировоззрение.

Гуманистическая психология также сыграла свою роль в снятии некоторых предрассудков, связанных с психическими заболеваниями.

Когда-то считалось, что терапия предназначена только для людей, страдающих тяжелыми психическими заболеваниями, но гуманистический подход помог людям осознать, что психотерапия также может быть полезным инструментом для тех, кто хочет исследовать собственное сознание и поведение и улучшить свою жизнь.

Критика гуманистической психологии

Гуманистическая психология также подверглась некоторой критике. Поскольку многие из его концепций настолько субъективны, иногда бывает трудно эмпирически проверить его утверждения.

Такие понятия, как самореализация, пиковый опыт и личная реализация, трудно измерить, и их необходимо оценивать с помощью в значительной степени субъективных оценок.

Влияние гуманистической психологии

Гуманистическая психология часто описывается как отдельная ветвь психологии, но она также представляет точку зрения или способ мышления о человеческом поведении. Гуманистический подход помог открыть новые способы мышления о человеческой мотивации и поведении. Он также представил новые подходы к лечению и методы психотерапии, чтобы справиться с психическими заболеваниями и способствовать психологическому благополучию.

Гуманистическая психология продолжает оказывать мощное влияние и сегодня, и ее влияние можно наблюдать как в других областях психологии, так и в областях образования, философии и даже политики. Относительно недавнее развитие таких областей, как позитивная психология и трансперсональная психология, во многом обязано влиянию гуманистической психологии.

Сегодня гуманистическая психология остается жизненно важной частью области, которая продолжает вносить большой вклад в наше понимание человеческого разума и поведения.

Хотите узнать больше? Пройдите наш тест на самореализацию, чтобы узнать больше о том, насколько вы на самом деле самореализовались.

Источники:

Маслоу А.

About the Author

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Related Posts